Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары мен СҚО әкімі эвакопункттердегі жағдайды тексерді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. Скляр мен СҚО әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының эвакопункттеріндегі жағдайды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге Петропавлдың эвакопункттерін аралады.

Қазіргі уақытта облыс орталығының оқу орындарында қаланың су басқан аудандарынан бірнеше жүз адам орналасқан. Полицейлер екі ауысымда кезекшілік атқара отырып, эвакопункттерде тәулік бойы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді. Өңірдегі су тасқыны бойынша жағдай барлық жауапты мемлекеттік органдарды, оның ішінде ішкі істер органдарын толық тарту қажеттілігін бұрынғысынша талап етеді.

Полицейлер тонауды болдырмау үшін Петропавлдың су басқан аудандары мен ауылдарын патрульдеуді жалғастыруда, үй жануарларын құтқарsg, су басып кеткен 11 автожолдың қауіпті учаскелерінде кезекшілікте тұр, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және әрдайым қиын жағдайларда адамдарға көмектеседі. Су тасқыны қаупі төнген елді мекендерде эвакуациялауға дайындық кезінде учаскелік инспекторлар қылмыстар мен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін уақытша сақтауға 393 бірлік азаматтық қару тәркіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру