ҚР Тәуелсіздігінің 30 жыл толу мерекесіне орай Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінде салтанатты шара өтті
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты шара Атырау облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерінің қатысуымен аталып өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мерекелік шара Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында бастау алып, Атырау облысы әкімінің алғыс хаттарын облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов табыстады. Кейіннен салтанатты жиын Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінде жалғасын тауып, алғашқы құттықтау сөз департамент бастығы Манарбек Габдуллинге берілді.
Департамент бастығы мереке қарсаңында өз қызметтік міндеттерін адал атқарған, қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген қызметкерлер мен ардагерлерді марапаттау туралы ҚР Президентінің жарлығы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Полиция департаменті бастығының және Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының алғыс хатымен төс белгілерін табыстады.
Марапаттау рәсімі аяқталғаннан соң, Қылмыстық-атқару жүйесінің құрметті ардагері Қази Дайров, ҚР Президентінің жарлығы бойынша Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты, “Халық алғысы” медалімен мараптталған 157/9 мекемесінің медбекесі Гүлнар Шабдарова, ҚР Президентінің жарлығы бойынша Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты, “ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл” медалімен мараптталған Майра Метенова құттықтау сөзін сөйлеп, өз алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар ІІО бірқатар ардагерлері тұрғылықты мекенжайларына барып, департамент басшылығымен марапатталды.