Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құны миллион теңге тұратын сусорғы қолды болды

Алматы облысы полицейлері бағбандардың қолды болған құны бір миллион теңге болатын сусорғысын қайтарды ,-деп хабарлайды Polisia.kz.

6-ақпан күні Еңбекшіқазақ ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті бағбандық қоғамның тұрғыны жалпы құны 1 200 000 теңге тұратын, барлық бағбандарды сумен қамтамасыз етіп отырған сусорғының қолды болғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар деген күдікпен еш жерде жұмыс жасамайтын 19 және 24 жастағы жерлілікті тұрғындарды ұстады. Із кесушілерге қолды болған сусорғыны тауып, оны заңды иелеріне қайтару үшін шамамен үш сағат қана жетті. Алдын ала тергеу барысында күдіктілер сусорғының өте қымбат тұратынынан бейхабар болғандарын және оны метал сынықтарын қабылдау орындарына өткізу мақсатында алғандарын жеткізді.

Ұрлық дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер мекен-жайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру