Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құқық қорғау органдарына қызметке (оқуға) кандидаттардың әскери билеттері мен тіркеу куәліктері бойынша ақпарат

Құқық қорғау органдарына қызметке (оқуға) тұрған кезде кадр қызметтері қызметке (оқуға) кандидаттардың жеке есепке алу-әскери құжаттарын (әскери билеттер, тіркеу туралы куәліктер) зерделейді және олар әскери қызметке жарамдылық санаты (бұдан әрі – ӘҚ/ЖС) «әскери қызметке жарамды» немесе «әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды» деген тұжырыммен әскери есепте тұрған жағдайда оларды медициналық куәландыруға (бұдан әрі – МК) ІІО әскери-дәрігерлік комиссияларына (бұдан әрі – ӘДК) жібереді.

Белгілі бір ӘҚ/ЖС шығаруға негіз болған аурудың диагнозын білдіретін ӘҚ/ЖС туралы көрсетілген мәліметтер және тармақшалар/тармақтар (ҚР Қорғаныс министрлігі № 722-2020ж. бұйрықтың 1-қосымша), азаматтардың жеке есепке алу-әскери құжаттарында көрсетілуі және кадр қызметтері ескеруі тиіс.

Осылайша, ҚР Қорғаныс министрлігі мен өзге де МО арасында азаматтардың әскери қызметке жарамдылығы мәселелерінде сабақтастық сақталады.

Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап, Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына өзгерістерге байланысты (ҚР Қорғаныс министрінің 24.01.2017ж. № 28 бұйрығы, бұдан әрі – ӘЕ қағидалары), жекелеген адамдарға жеке есепке алу-әскери құжаттар берілмейді.

ӘЕ Қағидаларының 62-тармағына сәйкес «электрондық үкімет» порталында (бұдан әрі – Е-gov) «жеке кабинетте» «азаматтың әскери қызметке қатысы туралы, оның әскери есепте тұрғаны туралы мәліметтер және…» көрсетіледі. Сондай-ақ, осы тармаққа сәйкес ««жеке кабинетте» дұрыс көрсетілмеген мәліметтер анықталған кезде не олар болмаған кезде азаматтың «Әскери қызмет бойынша мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін алу үшін жүгінуге мүмкіндігі бар».

ӘЕ Қағидаларының 19-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әскери есепке алу құжаттарында «денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылығы» мәліметтері болуы тиіс.

Алайда, осы электрондық дереккөздерде ауру диагнозын білдіретін ӘҚ/ЖС тұжырымдары және тармақтар/тармақшалар көрсетілмейді.

Осыған байланысты, ҚР Ішкі істер министрлігі ҚР Қорғаныс министрлігіне «Е-gov» және «Еңбек KZ» (кадр қызметтері үшін) порталдарында көрсетілген қажетті ақпаратты орналастыру туралы ұсыныс жолдады (14.02.2024ж. № 1-35-35-11/839-И).

Қазіргі уақытта, осы мәселе шешілгенге дейін, біз құқық қорғау органдарына қызметке (оқуға) түсетін кандидаттарға оларда есепке алу-әскери құжаттары болмаған кезде «Е-отіні» платформасы арқылы ҚІД мынадай мазмұндағы нақты сұрау салумен жүгінуді ұсынамыз:

«Негіздемелерін көрсете отырып (№ 722-2020ж. бұйрыққа 1-қосымшаның тармақтары/тармақшалары), менің денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылық санаты туралы мәліметтер беруді сұраймын».

Мәліметтерді кадр қызметіне, ал кейіннен ІІО ӘДК ұсыну үшін уақтылы алу қажет.

Назар аударыңыз. ӘДК МК-дан өту үшін келген 17 жасқа толмаған адамдар көрсетілген мәліметтерді сұратудың қажеті жоқ. Бұл адамдар ІІО ӘДК МК шектеусіз жіберіледі.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы