Құқық қорғау органы қонақ үй бизнесінің қызметкерлерімен кездесті
Павлодар облысында құқық қорғау органдары қонақ үй бизнесінің қызметкерлерімен кездесті,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.
Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында құқық қорғау органдарының өкілдері инвесторлар үйінде қонақ үй бизнесінің қызметкерлеріне халықтың көші-қоны туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені түсіндірілді.
2019 жылдың басынан бері облыста Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан, сондай – ақ Украинаның Луганск және Донецк облыстарының көші-қон қаупі бар елдерінен келген азаматтар саны артты, – деп атап өтті облыстық ҰҚКД өкілі.Комитет 2019 жылы Қазақстан мен басқа елдердің аумағында тыйым салынған радикалды топтарды бейтараптандырды. Олар жалдамалы пәтерлерде және қонақ үйлерде тұрғанын атап өткім келеді. Бүгін, заңнамадағы жаңашылдыққа сәйкес, шетелдіктердің республика аумағында болуына Қазақстан азаматтары: жеке және заңды тұлғалар да жауапты.Жеке тұрғын үй немесе қонақ үй иесі үш жұмыс күні ішінде шетелдік қонақтардың келуі туралы көші – қон қызметін хабардар етуге міндетті, – деп түсіндірді көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Уәлиев.
Органдарға хабарлаудың екі жолы бар: egov.kz порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен.Оған бірнеше минут кетеді. Егер сізде ЭЦҚ болмаса, онда жазбаша түрде көші-қон қызметі органына хабарлама тапсыру қажет. Олай болмаған жағдайда тәртіп бұзушы, яғни қабылдау тарап әкімшілік жауапкершілікке тартылады .
-Жеке тұлғаларға ережелерді бір рет бұзған жағдайда ескерту жасалады. Заңды тұлғаларға келетін болсақ, бизнесмендерге бірінші рет 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, – деп атап өтті полиция полковнигі Уәлиев.
Павлодар облысы бойынша ҰҚКД өкілдері атап өткендей, бұл жаңалық қазақстандықтардың да, сондай-ақ біздің елде болатын шетел азаматтарының да қауіпсіздігі мақсатында енгізілді.
Ведомствоның ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Павлодар аумағында 54 қонақ үй жұмыс істейді, олардың тек төртеуі ғана көші-қон қызметтерімен байланыс орнатқан.