Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еріктілер “балалар үйіне” барды

Биылғы 2020 жылды ҚР президенті Қасым – Жомарт Тоқаев “Еріктілер жылы” деп жариялаған болатын.
Бұл адамдар басқаға көмек қажет болған кезде немқұрайлы қалмауы керек деген сөз. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің әкімшілігі өздерінің жұмыспен қамтылуына қарамастан шетте қалмай, өзінің еріктілік борышын атқарды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің қызметкерлері “балалар үйіне” барды. Қызметкерлер қонаққа бос қолдарымен келген жоқ. Сондай-ақ, сотталған әйелдер өз қолдарымен дайындаған тәттілер, тоқылған бұйымдар, сондай-ақ өз қолдарымен жасаған түрлі киімдер әкелді. Осылайша, біздің қызметкерлер ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйгіне жылу алып келді.
СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің жеке құрамы тәрбие
жұмысы бойынша бастықтың орынбасары әділет майоры Д. Е.Садвакасовтың басшылығымен мекеменің сотталғандар арасындағы тәрбие
әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастамасымен “балалар үйіне”
қар күреуге шықты.
Сонымен қатар, СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қалалық пробация
қызметінің бөлімі “Солтүстік Қазақстан облысының волонтерлер клубымен”
бірге егде жастағы адамдарға көмек көрсетті.Атап айтқанда, олар тұратын
аумақтағы қарды жинады. Осы акцияға Петропавл қалалық пробация қызметі
бөлімінің инспекторлары, еріктілер, сондай-ақ Петропавл қалалық пробация
қызметінің бөлімінде есепте тұрған сотталғандар қатысты.
Өз мысалымен олар еріктілік қызметке жұмыспен қамтылғанына
қарамастан барлығы қатыса алатынын көрсетті. Бұл оған мұқтаж адамдарға
қажетті өтеусіз және аз-кем көмек. “Балалар үйінде” тұрған балалар еліміздің
заңға мойынсұнушы және лайықты азаматтары болып өседі және өскелең
ұрпаққа үлгі болатынына сенімдіміз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру