Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Біреудің атынан несие алған күдікті анықталды

Павлодар облысында полицияға 31 жастағы кеншілер қаласының тұрғыны микрокредиттік ұйымнан үш күндік мерзімде өтеуі тиіс қарыз жайында хабарлама алғаны туралы шағымданды.Әйел хабарламада көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалып,мән-жайды анықтады.Оған несие қаладағы сауда үйлерінің бірінде 2019 жылдың қазан айында тіркелгенін түсіндірген.

Ол полицияға жүгінді.”Іскер” қала тұрғындарын екібастұздық полицейлермен ұстады, ол 26 жастағы ер адам болып шықты, ол табылған жеке куәліктің көмегімен, ақпараттық жүйені пайдалана отырып, несие ресімдеді, осылайша, 10.5 теңге сомасында ақшалай қаражатты иемденді.

Полиция мұндай жағдайлардың құрбаны болмау үшін электрондық төлем құралдарының көмегімен тауарларды немесе қызметтерді әрбір төлеу кезінде есте сақтау қажет қарапайым ережелерді ескермеуге болмайтынын еске салады. Оның ішінде, күдікті интернет-сайттарды пайдаланбау керек.

Алаяқтар көбінесе микрокредиттік ұйымдар жеке тұлғаның шынайылығын тексеру рәсімін жүзеге асырмайтынын біледі және берілген құжаттар бойынша кредиттер берілетінін пайдаланады.

Мұндай фактілердің алдын алу үшін қырағы болу керек, жеке құжаттардың, банк карталарының, CVV-код пен парольдердің жеке мәліметтерін мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы беруге болмайды.Өз картаңыздың деректерін басқа адамдарға, соның ішінде банк қызметкерлеріне, интернет-дүкендердің қызметкерлеріне хабарлау қауіпті.

Егер сіз өзіңіздің жеке куәлігіңізді жоғалтқан болсаңыз, ол туралы Ішкі істер органдарына дереу хабарлап, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру беру қажет. Сақ болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру