Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы: Ақтөбе облысында 138 қылмыс тіркелді

Ақтөбе облысында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында 138 қылмыс тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23-29 тамыз аралығында Ақтөбе облыы аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты – жедел жағдайды сауықтыру, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу болып табылады.

Облыс бойынша «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде 138 қылмыс тіркелді. Кезекші тәулікте 92 қылмыс ашылды. Бұрын жасалған 42 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген үш адам ұсталды.«Нөлдік төзімділік» тәртібінде 1590 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер үшін –184, ұсақ бұзақылық – 519, спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу – 759, УБиДО-ға 75 адам  орналастырылып, 53 адам қабылдау-тарату орнына қамалды.

Сонымен қатар 1780 жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды, оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқару – 60, қарсы жолаққа шығу – 62, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермеу – 223, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзуы бойынша – 1453.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру