"Құқықтық тәртіп" профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды
Шығыс Қазақстан облысында "Құқықтық тәртіп" профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын-алу іс шараларын өткізу кезінде пробация қызметкерлері жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе, есепте тұрған сотталғандарды мекенжайы, демалатын ойын-сауық кешендері бойынша кешкі және түңгі уақыт аралығында тексеріс жүргізуде.
- Өткізілген іс-шаралар барысында Солжағалау аудандық пробация қызметінің қызметкерлерімен атқарылған жұмыстар аз емес. Барлық есептегі сотталғандар база арқылы толығымен тексеріліп, нәтижесі көрсетілді.
Осы өткізіліп жатқан іс-шараның мақсаты - қоғамнан оқшалауға байланысты емес жазаларға сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылық пен қайталама қылмысты болдырмау және олардың алдын алу және сотталғандарды оң жолға бағыттау болып табылады, - деді Солжағалау аудандық пробация қызметінің инспектор психологы Молдир Кабибиева.