«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының бір тәулігінде полиция қызметкерлерімен 11 мас көлік жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 26 қазаны мен 01 қараша аралығында қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстардың алдын алу және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның мақсаты – облыс аумағында жедел жағдайды сауықтыру, көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, болдырмау және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жолын кесу, сондай-ақ әкімшілік-құқық бұзушылық деректерін анықтау.
Іс-шараның бірінші күнінің нәтижесі бойынша 25 қылмыс тіркелді, оның 14-і ізі суымай ашылса, іздеуде жүрген бір адам ұсталды.
Тыйым салынған заттар, яғни қару-жарақ және суық қару ұстаудың жеті дерегі анықталды.
Сонымен қатар, 610 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды, оның 35-і отбасылық-тұрмыстық жағдайдағы құқық бұзушылық, 78-і ұсақ бұзақылық дерегі болса, 90-ы қоғамдық жерде мас күйде болу немесе ішімдікті ішу, уақытша детоксикация және оңалту орталығына 21-і орналастырылды, қабылдау тарату орнына бір адам жеткізілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасады.
Жол қозғалыс ережесін бұзу бойынша 306 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 11 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған, есірткі пайдалану бір факт, 116 жылдамдықты асыру, жаяу жүргіншілерге жол бермеу 22, жаяу жүргіншілермен қозғалыс ережесін бұзу 101 бұзушылықтар анықталды.