Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық орында мас күйде болған 210 адам жауапқа тартылды

Шымкентте “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күні қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 26 қазан мен 1 қараша аралығында қала аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның бірінші күнінің нәтижесімен қала аумағында 47 қылмыс тіркеліп, оның 39 ашылған, ашылу пайызы 83% құрады. 

Жедел қызмет саласы бойынша:

– бұрын жасалған қылмыстардың ашылғаны – бір; 

– іздеуде жүрген қылмыскерлердің біреуі ұсталды;

– “нелегал” тізімінде тұрған бір адам ұсталды;

– тыйым салынған заттарды ұстап жүргені бойынша төрт дәйек анықталды; 

– есепте тұрған адамдар тарапынан қойылған шектеулерді бұзудың алты фактісі анықталған, оның ішінде мерзімінен бұрын бостылғандар – төрт,  ерекше талаптарды бұзғандар – екі;

– деструктивті діни ағым ұстанатын – 234 адам тексерілген, оның ішінде деструктивті діни ағымды ұстанушы жаңадан бес адам анықталды;

Профилактика саласы бойынша:

Жалпы анықталған әкімшілік құқық бұзушылық саны – 1024.

Оның ішінде:

Қоғамдық қауіпсіздік саласында: 

  ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы (ҚР ӘҚБтК 127-бабы) бойынша – бес;

– ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу (ҚР ӘҚБтК 200-бабы) бойынша – төрт;

– ұсақ бұзақылық (ҚР ӘҚБтК 434-бабы) бойынша – 231;

– тыныштықты бұзу  (ҚР ӘҚБтК 437-бабы) бойынша – 53;

– қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішу (ҚР ӘҚБтК 440-бабы) бойынша – 210;

– кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы (ҚР ӘҚБтК 442-бабы) бойынша – 84;

– қорғау нұсқамасын бұзу (ҚР ӘҚБтК 461-бабы) – төрт;

– әкімшілік қадағалауды бұзу (ҚР ӘҚБтК 480-бабы) бойынша – екі;

– ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру (ҚР ӘҚБтК 492-бабы) – 113;

– қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн пайдаланбау (ҚР ӘҚБтК 593-бабы) – 174;

– жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу (ҚР ӘҚБтК-ның 615-бабы) бойынша – 113;

– ЖПІШ барысында қабылдап тарату орындарына – 28, ал уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына – 66 азамат жеткізілді.

– Дактилоскопиядан 220 адам өткізілді және барлығы ішкі істер органдарының фото-бейне есебіне алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру