Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысындағы тасжолда автокөлік өртеніп, екі адам көз жұмды

Ақмола облысындағы тасжолда автокөлік өртенді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 26 қазанда сағат 02.30-да Ақкөл ауданының ПБ кезекші бөліміне Ақкөл ауданы Азат ауылының жанында “Мазда Кронус” маркалы автокөлігі жолдан түсіп кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары “Азат – Степногорск” автожолының алты шақырымында Степногорск қаласынан Нұр-Сұлтан қаласы бағытында келе жатқан “Мазда Кронус” маркалы автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмағанын және автокөліктің жолдан түісіп кетіп, аударылуына жол бергенін анықтады, сонымен қатар автокөлік өртенді.

Өкінішке орай, жол-көлік оқиғасының салдарынан оқиға орнында 28 жастағы көлік жүргізушісі мен оның 39 жастағы жолаушысы көз жұмды.

Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру