Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Құқықтық тәртіп" ЖПІШ: Қызылордада 100-ден астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада "Құқықтық тәртіп" іс-шарасы барысында 100-ден астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу немесе масаң күйде келудің 26 дерегі, қоғамдық орындарда тиісудің 15 дерегі тіркеліп, тиісті шаралар қабылданды. Жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 58 фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылды.

Сонымен қатар 3 жүргізуші көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін және 1 азамат көлік құралын басқаруға құқығы мен құжаттары болмағаны үшін жауапқа тартылды.

Мәселен, Қызылорда қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты. Тексеру барысында 20 жастағы азаматтың алкогольдік ішімдік ішкені белгілі болды.

Бұдан бөлек, Арал ауданы аумағында мотокөлік басқарған жүргізуші "ауыр дәрежеде" мас күйде болған. Жүргізушілерге заң аясында шара көрілді, көлік құралдары айып тұрағына қойылды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру