«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ: ШҚО-да 40-қа жуық шетелдік жауапқа тартылды
ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ аясында 40-қа жуық шетелдік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері облыс аумағында уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарының тіркелген мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың оларға шетелден қонақтар келген туралы уақытылы хабарламаларының болуын тексеру бойынша жұмыстар жүргізді.
Үш күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін тәртіп сақшылары 98 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан, олардың 39-ы шетелдік, сондай-ақ олардың екеуі Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығарылды.
ШҚО ПД көші-қон қызметі қабылдаушы жеке және заңды тұлғаларға 3 күн ішінде көші-қон қызметіне оларға шетелдік азаматтардың келгені туралы хабардар етуге міндетті екенін ескертеді. Уақытылы хабарламаған жағдайда қабылдаушы тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.