Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп” ЖПІШ: ШҚО-да 40-қа жуық шетелдік жауапқа тартылды

ШҚО-да “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ аясында 40-қа жуық шетелдік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері облыс аумағында уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарының тіркелген мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың оларға шетелден қонақтар келген туралы уақытылы хабарламаларының болуын тексеру бойынша жұмыстар жүргізді.

Үш күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін тәртіп сақшылары 98 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан, олардың 39-ы шетелдік, сондай-ақ олардың екеуі Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығарылды.

ШҚО ПД көші-қон қызметі қабылдаушы жеке және заңды тұлғаларға 3 күн ішінде көші-қон қызметіне оларға шетелдік азаматтардың келгені туралы хабардар етуге міндетті екенін ескертеді. Уақытылы хабарламаған жағдайда қабылдаушы тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру