Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентауда тұрғынның көлігінен 2 шолақ мылтық пен винчестер тәркіленді

Кентауда тұрғынның көлігінен 2 шолақ мылтық пен винчестер тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қаласының полиция қызметкерлері түнгі уақытта қала көшелерінің бірінен күдік тудырған Mercedes автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары автокөліктің салонынан 3 атыс қаруын тапты. Заттай дәлел ретінде алынған екі шолақ мылтық пен бір дана винчестер қаруы сараптамаға жолданды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.

Күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны, яғни жас жігіт полиция бөліміне жеткізілді.Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру