Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құрбысының атына 9 несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Атырау облысында құрбысының атына 9 несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Исатай ауданының 32 жастағы тұрғынының атына белгісіз адам 9 рет банктен несие рәсімдеген. Жәбірленуші банктер мен қаржылық ұйымдар тарапынан өзіне түскен толассыз қоңыраулардан соң өзінің 804 993 теңге көлемінде несие қарызы барын білген.

Тәртіп сақшылары осы факті бойынша онлайн несие рәсімдеп, алаяқтық қылмыс жасаған 31 жастағы Исатай ауданының тұрғынын анықтап, ұстады. Айта кетейік, тергеу барысында жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарын бұрын күдіктіге, яғни таныс құрбысына бергені анықталды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру