Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құжаттары жоқ 350-ге жуық адам құжаттанды

Көші-қон қызметі жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ 350-ге жуық адамды құжаттандырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссиясының басқармасымен бірлесіп іс-шара өткен болатын. Аталған шараның мақсаты республика көлемінде елімізде тұратын адамдардың жеке басын анықтайтын төлқұжаты жоқтар және 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжатымен (паспорт) жүргендерді құжаттандыру болды.

Өткізіліп жатқан іс-шараның аясында, ТО ПД Көші-қон қызметі өз қызметтік міндеттерін атқаруда. Облысымызда жеке басты куәландыратын құжаттардың болмауына байланысты, азаматтардың бұл санаты жәрдемақы алу құқығынан айырылған. Сондай-ақ мемлекет көрсететін қызметті (денсаулық сақтау, білім беру, әділет т.б) алу мүмкіндіктерінен де шектелген.

Осыған орай, 2020 жылы көші-қондық полицейлер облыста төлқұжатсыз тұрып жатқан 350-ге жуық тұрғынды анықтап, олардың бас дерегін анықтайтын құжаттарын дайындау бойынша жұмыстар жүргізді.

Соның ішінде 183 адамның ҚР азаматтығына қатыстылығы айқындалса, оның 93-і 18 жастан асқандар болды.

Атап айтсақ, 2000 жылдары Өзбекстан елінен шекара ашық кезде бірнеше азамат көшіп келген. Олар осы уақытқа дейін Қазақстан азаматтығын ала алмай жүргені анықталды.

Осы іс бойынша Түркістан облысы көші-қон қызметінің полицейлері тыңғылықты жұмыс жасап, қандастарымызға жеке басын анықтайтын құжаттарын жасап берді. Бұл дегеніміз, облысымызда тұратын және бірнеше жылдан бері құжат ала алмай жүрген азаматтардың құқықтық мәртебелері көтеріліп айқындалғаны деп санаймыз.

Құрметті тұрғындар, Полиция департаментінің осы бағыттағы жұмыстары өз жалғасын әрі қарай таба бермек. Өздеріңіздің құқықтық мәртебелеріңізді айқындау бойынша сұрақ туындаған жағдайда, сіздер, тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша Көші-қон қызметіне жүгінуіңізге болады!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру