Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмысты «ізін суытпай» ашқан маңғыстаулық полицейлерге алғыс жолданды

Жанармай құю бекетінде орын алған ұрлықты “ізін суытпай” ашқан маңғыстаулық полицейлерге алғыс жолданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қаңтар күні түнгі уақытта Қарақия ауданы, Құрық елді мекеніндегі жанармай құю бекеттерінің бірінде ұрлық дерегі орын алған. Мекеме басшылығы арызбен полицияға жүгінген. Белгілі болғандай, түн ішінде белгісіз тұлғалар жанармай құю бекетіне тиесілі сорғы мен қозғалтқышты ұрлап кеткен. Мекемеге келтірілген материалдық шығын сомасы 1 млн теңгені құрайды.

Қарақия ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 40 және 41 жас шамасындағы екі күдікті анықталып, ұсталды. Күдіктілерден мойындау жауаптары алынып, мекемеге тиісті мүліктер тәркіленді.

Аталған дерек Қарақия ауданы Пб СДТБТ-де ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатысты “ешқайда кетпеу” жөніндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Осылайша, қылмыстың ізі суымай ашылып, қылмыскерлердің құрықталып, тиісті мүліктің тәркіленгеніне мекеме директоры полиция департаментінің бастығы Аян Дуйсембаевқа қызметкерлерінің жеделдігі мен кәсібилігіне ризашылығын білдіріп, алғыс жолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру