Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі үш азаматшаға қайырымдылық көмек көрсетілді

Қызылордада пробация есебіндегі үш азаматшаға қайырымдылық көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалағаш аудандық пробация қызметі мен Жалағаш аудандық жұмыспен қамту бөлімі бірлесіп, қасиетті жұма күні пробация қызметінің есебіндегі тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы есептегі үш азаматшаға көмек көрсетті.

– Бүгінгі таңда Жалағаш аудандық пробация қызметінің есебінде 38 сотталған есепте тұр. Алдағы уақытта есепте тұрған тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға өз кезегімен азық-түлікпен және киім-кешектермен көмек көрсетілетін болады, – деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы А.Сақыбеков.

– Жалағаш аудандық пробация қызметі мен Жалағаш аудандық жұмыспен қамту бөлімдері бірлесіп әрдайым рухани демеу беріп, қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етіп, үздіксіз көмек көрсетеді. Пробация қызметі тарапынан бізге әлеуметтік-құқықтық, психологиялық, медициналық т.б көмектер беріледі, – деді есептегі азаматша.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру