Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 30 қызметкері донор болды

14 маусым – Халықаралық донор күніне орай Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 30 қызметкері өз еркімен қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл қайырымдылық акциясын бастап қан тапсыруға келген департамент бастығының орынбасары Мұрат Нәкенов болды. Ол донор болып, мұқтаж жанның өмірін ұзартуды өзінің азаматтық парызы санайды.



Қызметкерлер облыстық қан орталығына таң сәріден келіп, кезек күтіп, тіркеліп, тексерістен өтті. Алғашқы болып тіркелген, ҚАЖ департаментінің жеке құрам бойынша аға инспекторы А.Алназаров пен ЗК-169/1 мекемесінің жеке қызметкерлері. Соның ішінде облыстық қан орталығының тұрақты донорының бірі Айдос Алназаров 10 жыл ішінде жылына алты рет 450 мл-нан қан тапсырып келеді. Осы секілді өзге жанға өмір сыйлап, өмірін жалғап келе жатқан жанның бірі, ЗК-169/1 мекемесінің кезекші қызметінің тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі Мұсабек Қаратаев 2006 жылдан бері үздіксіз донор болып келеді.
Бүгінгі донор күніне байланысты акцияға қатысқан ЗК-169/4 мекемесінің әділет капитаны Тоғатай Алмастың қан тобы дәл осы уақытта ауыр халде жатқан науқастың қан тобымен сәйкес келіп, аппарат арқылы тромбоцид клеткалары алынды. Сонымен қатар, ЗК-169/5 мекемесінің кадр саясаты тобының аға инспекторы Гүлмира Алтынбектің ұйымдастыруымен мекеменің 15 жеке құрам және ерікті жалдамалы қызметкерлері де бұл іс-шараға белсенді түрде қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру