Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жазасын өтеушілер аттестат алды

Бала кезінде орта білім ала алмай, темір торға тоғытылған жандар соның ішінде Қызылорда облысының ЗК-169/4 қауіпсіздігі төмен мекемесінде жазасын өтеп жүрген бес адам орта білімі туралы аттестат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандар Шиелі  аудандық білім басқармасына қарасты кешкі мектеп мұғалімдерінен білім алды. Бұл шараға кешкі білім беру ошағының директоры және сотталғандар арасында әлеуметтік –психологиялық тәрбие жұмысын жүргізу тобының бастығы Қанат Дайрабаев қатысты. Олар аттестат алған адамдарды құттықтап, алған аттестаттарын игі кәделеріне жаратуына тілектестігін білдіріп, оқу барысында үлгілі тәртіптерімен үздік нәтижелер көрсеткен сотталғандарды “Мақтау қағаздарымен” марапаттады.

– Жастық шақта аңғалдығымнан құқық бұзғандығымды өтеудемін. Осының салдарынан орта білімім де жоқ болатын. Мекеме қызметкерлерінің көмегімен кешкі мектепте білім алдым. Сол мектеп ұстаздарының табанды еңбегінің нәтижесінде міне, орта білімімді растайтын аттестат алып отырмын. Осы үшін мекеме әкімшілігі мен кешкі мектеп ұстаздарына алғысымды білдіремін, – деді жазасын өтеуші Е.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру