Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері аса ірі көлемде есірткі тәркіледі

Луговой станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Жамбыл облысының 46 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Құқық бұзушы аса ірі көлемде, яғни жалпы салмағы 17 келіден аса “кептірілген марихуана” есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін күдікті болып табылды, – дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Алибаев.

Тергеу соты оған қатысты “қамауға алу” шарасын санкциялаған. Тергеу жалғасып жатыр.

– Көлік полицейлері ағымдағы жылдың басынан бері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 197 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 17-сі өткізу, 10-ы сақтау және төртеуі есірткі заттарын контрабандалық жолмен өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 59 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді, – деді полицей.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру