Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн”

Қызылорда облысында 1-12 маусым аралығында республикалық “Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн” ұлттық ақпараттық науқаны өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлттық науқан барысында полиция қызметкерлері күнделікті мүдделі органдармен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, оның ішінде олардың өмірі мен денсаулығына қауіпті еңбекке тартуға жол бермеу мақсатында “Жасөспірім және көше”, “Түнгі қаладағы балалар” рейдін ұйымдастырды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің және Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөліністерінің қызметкерлері білім, еңбек инспекциясы басқармасы және Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп “Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!” ұранымен қала орталығында және аудандарда дүкендер, көлік жуу орындары, Қалалық мәдени-демалыс паркі, сауда орындары, жанар-жағармай бекеттері, құрылыс орындары мен ойын-сауық орындарын тексерді. Тексерілген нысан басшыларына ҚР баланың құқықтары туралы Заңына және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кәмелетке толмағандарды жұмысқа алу тәртібі бойынша жадынамалар таратылды.Іс-шара барысында полиция органдарына әр түрлі құқық бұзушылық жасаған 123 жасөспірім жеткізіліп, түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 114 кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік хаттамалар рәсімделді.

Сонымен бірге, кәмелетке толмағанның түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген бір кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру