Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көшеде эпилепсиясы ұстаған жүргіншіні полицейлер аман алып қалды

Полиция қызметкерлері Қапшағайда ұстамасы бар ер адамға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Эпилепсиялық ұстамасы кезінде ер адам жалғыз, көлік жүретін бөлікте болған. 12 маусым күні оған көмекке Қапшағай қаласы ПБ патрульдік полиция взводының полиция қызметкерлері жетеді.
Сағат 12. 40 шамасында белгіленген учаскені патрульдеу кезінде “Бүркіт-800” автопатрулінің экипажы “Центральный” көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншілер жолағы белгісінің жанында келе жатқан адамның жерге құлағанын байқайды. Сөйтіп олар бірден көмекке ұмтылады.

Талып қалған адамның аузынан көбік атып, аяқ қолы тартыла бастаған. Бұның элепсиялық ұстама екенін түсінген тәртіп сақшылары еш ойланбастан қажетті алғашқы көмек көрсете бастаған. Науқас аузындағы сұйықтық массасымен тұншығып қалмас үшін полицейлер ер адамды дұрыс қалыпқа бүйіріне қарай жатқызып, басын жерге соғып алмас үшін қалқалаған. Тісіне зақым келмес үшін, азаматтың ашық ауызына түтікше етіп оралған жұмсақ майлық салған. Ер адамға қажетті көмек көрсетілгеніне көз жеткізгеннен кейін тәртіп сақшылары “жедел жәрдем” көмегін шақырған. Олар көмек келгенше, құрысу аяқталғаннан кейін бұлшық еттерді тыныштандыратын жеңіл, босаңсытатын массаж жасаған. Шақыртуға келген № 73 бригаданың медицина қызметкерлері пациент – 44 жастағы жергілікті тұрғынды ауруханаға алып кеткен. Дәрігерлер полицейлерге көмекке зәру адамға уақытылы, сауатты көмек көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру