Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының тұрғыны мас боп мотоцикл жүргізген

Ақтөбе облысында мас боп мотоцикл жүргізген жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Ақтөбе облысының Ембі қаласында патрульдік полиция қызметкерлері қала көшелерін патрульдеу кезінде 35 жастағы жергілікті тұрғынды тоқтатқан. ZONGSHEL маркалы мотоциклдің мемлекеттік тіркеу нөмірі болмапты.

Жүргізуші бұрын көлік басқару құқығынан айырылғаны өз алдына, мотоциклді ішімдік ішіп басқарған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігі (алкогольді мас күйде көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру