Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жазғы демалыс”: үлкендердің қарауынсыз қыдыратын жасөспірім көп

Жазғы демалыс кезіндегі жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды ескерту, алдын алу және есепте тұрғандарды қадағалау, профилактикалық маңызы бар әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында Қарағанды қаласының Оңтүстік-шығыс полиция бөлімі қызмет көрсететін аумақта 10-12 маусымда “Жазғы демалыс” алдын алу шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл шараға Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полицияның 30-дан аса инспекторы тартылып, екі күннің ішінде 19 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің үлкендерсіз сағат 23.00-ден кейін үйден тыс жерде жүруі көп кездеседі. Осылай ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының талаптарын бұзған 13 адам анықталды. Сондай-ақ Әкімшілік заңнаманың 435-бабына сәйкес, бұзақылық жасаған үш адам анықталды. Осы іс-шара кезінде қолайсыз жағдайдағы отбасылар да назардан тыс қалған жоқ.

Қолайсыз отбасы санаты бойынша есепте тұрған 30 отбасының жағдайы тексеріліп, үш отбасы жаңадан есепке алынды. ІІО есебіндегі кәмелетке толмаған 30 жасөспірім тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеріліп, тағы үш жасөспірім есепке алынды. Есепке алынғандар бұдан әрі де ІІО жіті бақылауында болмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру