Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмыстық топ ақтөбеліктердің көлігін ұрлап, басқа қалаға апарып сатқан

Ақтөбеден көлік ұрлап сатқан оралдық қылмыстық топ мүшелері үш жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде автокөлік ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың сот процесі аяқталды. Оқиға өткен жылдың күзінде полиция бөлімдеріне ұрланған автокөлік иелері жүгінгенде басталды. Машиналар алдымен аптасына бір рет, содан кейін жиі, содан кейін түнде екі көлікке дейін
жоғалды. Тек қана ресейлік есептегі “ВАЗ – 2114” және “ВАЗ – 2115” ұрланатын болған.

№1 қалалық полиция бөлімінің жедел уәкілдері іздестіруді күшейтіп, қорытындысында ұрланған автокөліктердің бірі Орал қаласында сатуға қойылғандығы анықталды. Жедел іздестірушілер дереу Батыс Қазақстан облысына барды.

Автокөлік сатушысы көліктің ұрлағаны туралы білмеген. Оралда жедел уәкілдер негізгі сатып алушыны қолға түсірді және Ақтөбеге жеткізді. Оралдық қылмыстық топ Ақтөбе қаласында
ұрлық жасап, автомашиналарды айдап әкеткенін мойындады.


Полиция қызметкерлері сатып алушының телефонын тәркіледі, бірнеше күннен кейін оған қоңырау келіп түскен, белгісіз дауыс түнде тағы екі көлік келетіндігін, қарсы алу керектігін хабарлапты.Жедел уәкілдер де кездесуге дайындалып, түнде “Самара – Шымкент” автожолында Қобда ауылының жанында ақтөбелікке автокөліктерді сатқан соң, барлық қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Қылмыс тізбесі мынадай болды: үш адам Ақтөбе қаласының көшелерінен автокөліктерді айдап әкетіп, оларды 150 мың теңгеден сатқан. Осыдан кейін Ақтөбедегі сатып алушы Оралға автокөліктерді айдап әкеліп, онда басқа сатып алушыға 250 мың теңгеден қайта сатқан және т.б.

Қылмыстық тізбектің барлық қатысушылары сот алдында жауап берді. Бастамашы үш жылға бас бостандығынан айырылды, қалғандарына үш жылдан шартты түрде берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру