Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қырғауыл аулаған төрт адам ұсталды

Алматы облысында төрт адамнан тұратын аңшылар тобы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының полицейлері қырғауылды заңсыз аулаған төрт ер адамды қолға түсірді.

Олар атып алынған қырғауылдан сорпа жасап, тамақтану кезінде ұсталған.


Аңшылар тобы 3 мамыр түнде Талдықорған қаласының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Сарыбұлақ өзені мен Алматы-Семей автожолының арасында балық және аң аулау ережелерін бұзу деректерін анықтау және жолын кесуге бағытталған табиғатты қорғау полиция қызметкерлері мен “Бүркіт-163” патрульдік экипажының бірлескен рейдтік іс-шарасы барысында ұсталды.


Күдіктілердің төртеуі де жергілікті тұрғындар, олардың бірінен тіркелген 12 калибрлі бір ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді. Аталған дерек Талдықорған ҚПБ АТК тіркелді. ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігі (қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ аң аулау ережелерін бұзу) және 476-бабы 6-бөлігі (төтенше жағдай кезінде карантинді бұзу) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабына (атыс қаруын пайдалану, сақтау және тасымалдау тәртібін бұзу) сәйкес шаралар қолданылу үшін қару тәркіленіп, лицензиялық-рұқсат беру жүйесіне жіберілді.


Ұсталған адамдар төтенше жағдай кезінде аң аулағандарын және карантин ережелерін бұзғанын толық мойындады.


Қазіргі уақытта Алматы облысының аумағында “Уылдырық шашу” жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.Полиция облыс тұрғындарын балық ресурстарын, жануарларды заңсыз аулау және жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін жою заң бойынша қудаланатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру