Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қырғызстан азаматы қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды

Ақтөбеде Қырғызстан азаматы қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
 
Ағымдағы жылдың 18 ақпанында сағат 17.45-те «Солтүстік айналмалы
жол» автожолының 13 шақырымында 25 жасар жүргізуші Қырғызстан
азаматы, «Volkswagen LT» автокөлігімен (салонда 6 жолаушы болған)
Хромтау қаласы жағынан Орск трассасына қарай қозғала отырып, жол
метеорологиялық жағдайынан салдарынан қозғалыс кезінде рульдік
басқаруды игере алмай, жылдамдықты төмендете алмай, жолдын жиегіне
шығып кетіп аударылған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам Ақтөбе қаласы Жедел-
жәрдем ауруханасына жүгінді, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін
үйлеріне жіберілді.
Бұл факт бойынша жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 620-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Осыған байланысты, Полиция департаменті тағы да жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі және жол белгілерінің талаптарын сақтауды және жол-метеорологиялық жағдайларды ескереді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру