Бір неше адамға автокөлік сатқан алаяқ ұсталды
Алматыда автокөлікті бөліп берем деген тағы бір алаяқтың ісі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Медеу ауданының полиция бөлімінен алынған мәліметке сәйкес, 1971 жылы туған А., өзінің авто көлігін бөліп беруге ниетті екенін білдіріп бір неше жәбірленушілерге автокөлік суретін көрсетіп сендірген. Осы схемаға сәйкес, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы олардың сеніміне кіріп ақша алып отырған.
«Күдікті бұған дейін де мүліктік қылмысқа қатысқан. Бұл жолы ол алаяқтық әрекетке барған. Достары мен таныстары арқылы ол көлік құралын бөліп беру шарттармен тиімді сатып алу мүмкіндігін ұсынған. Ол негізінен Toyota маркалы автокөлік модельдерін ұсынды. «Шарттың» мәні мынада болды: сатып алушы ұсынылған фотосуреттерден көлікті таңдап, алдын ала төлем береді, төлемнен кейін сатушы келісім шарт жасауы тиіс болатын. Ұйымдастырушы сатып алушылардан 300 мыңнан 500 мыңға дейінгі соманы ала отырып, міндетін орындаудан қашып номерін ауыстырып жүрген, ол берілген ақшаларды өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша тіркелген сотқа дейінгі тергеу аясында қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Бұл адамның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарға 8-701-833-33-90 және 254-48-75 телефондары арқылы қоңырау шалыңыз », – деді Қуаныш Кудебаев, Медеу аудандық полиция бөлімшесінің бастығы.