Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз аң аулау бойынша 14 қылмыс ашылды

Маңғыстау облысы бойынша 14 қылмыс және 81 құқық бұзушылық
тіркелді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Статистика «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықталды. ол табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.
Бейнеу ауданында полиция қызметкерлері Қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрықты атқан браконьерлерді ұстады. Тінту кезінде 1 бас қарақұйрық, 16 калибрлі екі ауыздық мылтығы, 23 оқ және пышақ табылды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 250-бабы (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу шаралары жүргізілуде. Материал аудандық сотқа шешім қабылдау үшін жіберілді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың ақпан айының басында Ақтау-Бейнеу-Боранқұл-Атырау автожолында полиция қызметкерлері «Тойота Камри» маркалы көліктің салонында 9 ителгі құсы табылды. Ұсталғандар Шымкент қаласының тумасы.Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 337-бабы (Заңсыз аң аулау) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік айыптұраққа жабылды. Күдіктілер тергеу изоляторына қамалды.
Айта кету керек, бұл жануарлар адам ақылсыздығының құрбаны
болғандықтан Қазақстанда қарақұйрықтар мен ителгілердің популяциясы
Қызыл кітапқа енгізілген.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру