Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінің 60-қа жуық қызметкері қан тапсырды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ОВ 156/2 мекемесінде қан тапсыру қайырымдылық шарасы өткізілді,-деп хабарлайды Polisia.kz.

“Өзгеге өмір сыйлаңыз” деген атпен өткен шараға мекеменің барлық қызметкерлері белсене қатысты. Статистика бойынша, әрбір үшінші адам өз өмірінде өзге біреудің қанына мұқтаж болады. Сондықтан да өзгеге қан беріп көмектесу өте сауапты іс болмақ. Донорлық қан болмаса қан ауруына онкологиялық дертке шалдыққан балалар мен ересек адамдардың өмірін арашалап қалу мүмкін емес. Қазір әлемнің 62 елінде қан донорлығы өтеусіз жүргізіледі. Егер біздің еліміздің әрбір тұрғыны қан тапсыруды өзіне азаматтық парыз деп санаса, сан мыңдаған науқас ауруынан айығып, өз туысынан айырылмас еді.

Дәрігерлер қан тапсыруды әдетке айналдырған адамның ағзасы аурулар мен күйзеліске қарсы тұра алатынын, жүрек-қан тамырлары ауруына сирек шалдығатынын дәлелдеп отыр. Қан тапсыру арқылы біз адамдарға өмір сүру мүмкіндігін береміз. Өтеусіз қан тапсыру- адам бойындағы мейірімділік пен өзгеге қол ұшын беруге дайындық қасиеттерін оятады, ал бұл қасиеттер бүгінгі қоғамға аса қажет.

Осындай игі шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табарына сенеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру