Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атамекен тұрғынынан есірткі тәркіленді

Маңғыстау облысында жылдың басынан бері 70 есірткі қылмысы анықталып,тәркіленді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 70 есірткі
қылмысын анықтады оның ішінде аса iрi мөлшердегі есірткі заттарды өткізу,
тасымалдау, дайындау және заңсыз сақтаумен байланысты 17 ауыр және аса
ауыр санаттағы қылмыстар.Сонымен қатар, өткізу мақсатынсыз есірткіні заңсыз сақтаумен байланысты 50 қылмыстық іс анықталды.
Заңсыз айналымнан 5 кг жуық түрлі есірткі заттары, оның ішінде марихуана, героин және синтетикалық “мефедрон” есірткісі тәркіленді. Профилактикалық жұмыс шеңберінде 15 іс-шара өткізілді, соның ішінде семинарлар, дәрістер, кездесулер және ата-аналар жиналыстары, есірткіге қарсы сипаттағы бейнероликтер көрсетілді.
Облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасымен бірлесе отырып, Ақтау қаласының қоғамдық орындарында 8 граффити жазулар, сондай-ақ есірткі құралдарын және олардың аналогтарын жарнамалаумен және сатумен айналысатын 24 интернет сайт анықталып, жойылды.
Мысалы, қаңтар айында облыстық ПД ЕҚҚІҚ қызметкерлері жедел–іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Мұнайлы ауданының аумағында Атамекен ауылында 1974 жылы туған “Б” есімді азамат құрықталды. Оның тұратын мекен-жайы бойынша үй мен учаскені тінту кезінде 2 килограммнан астам “марихуана” есірткі заты бар алты пакет табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы (Аса ірі көлемде есірткі құралдарын заңсыз сатып алу және сақтау)  бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру