Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Уақытша ата-ана құқығынан айырылды

Ақтау қаласы Полиция Басқармасының  кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау полиция қызметкерлері облыстық “Жасөспірім” және “түнгі қаладағы балалар”жедел-алдын алу іс-шарасы аясында бірқатар рейдтер өткізді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қадағалаусыз және қараусыз өмір салтын жүргізетін кәмелетке толмағандарды (оның ішінде түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде жүргендерді) анықтау мақсатында жүргізілді.
Іс-шара барысында 238 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде 158-і Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 442-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы).23 кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сату фактісі анықталды.
Ювеналды полиция инспекторлары 133-бап және 200-бап бойынша алкоголь өнімдерін сату бойынша ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама жасақтады.Барлық жеткізілген кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарымен алдағы уақытта құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша жеке түсіндірме әңгіме жүргізілді, қайталап бұзған жағдайда ата-аналарға балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға материалдар жіберілетіндігі және есепке қойылатындығы туралы ескертілді.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына түнгі уақытта ересектерсіз жүрген 9 бала орналастырылды. Қызметкерлердің ерекше назарында есепте тұрған тұрмысы нашар отбасылар болды. Балалардың өмір сүру
жағдайы, санитарлық жағдайы, тиісті күтіп-бағуы тексерілді.
Ювеналды полиция желісі бойынша жедел алдын алу іс-шаралары барысында 23 ата-ана анықталып, есепке алынды. Бүгінгі күні 191 қолайсыз отбасы бақылауда тұр, инспекторлар тұрақты түрде оларды тұрғылықты жері
бойынша тексереді.
Нәтижесінде қорғау нұсқамасын бұзғаны және жағдайды жақсы жаққа жақсартпағаны үшін 13 ата –анаға қатысты материалдар жинақталып, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілді. Ата–ана құқығынан айыру үшін-7 ата-ана, ата-анаға қатысты құқықтардан уақытша айыру үшін – 6 ата-ана жіберілді, 2 – ата-анаға қатысты материалдар жинақталып балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімі бойынша материалдық жауапкершілікті қамтамасыз ету, тәрбиелеу, азғындық мінез-құлық және балалардың психологиялық дамуын бұзу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін әкімшілік сотқа жолданды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру