Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда полиция қызметкерлері мас жүргізушіні анықтады

Ақтауда полиция қызметкерлері мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 8 тамызы күні Түпқараған ауданының полиция қызметкерлері Форт-Шевченко қаласында ВАЗ-21903 маркалы автокөлікті тоқтатты.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша аталған автомашинаның жүргізушісі жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғандығы белгілі болды.

Құжаттарды тексеру барысында 2018 жылдың қараша айында Түпқараған аудандық сотымен жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан 3 жылға айырылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді. Қылмыстық іс бойынша тергеу
кінәліге қатысты дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті шешім де жалғасуда
кінә оның нәтижелері бойынша қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру