Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметтік борышын өтеу барысында қайтыс болған Дархан Базарбаевты әріптестері еске алды

Полиция сержанты Дархан Базарбаевтың қайғылы қазасы барша Қостанайлық полиция қызметкерлері үшін ауыр соққы болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

– Марқұмды әріптестері өз ісіне адал, сенімді серіктес ретінде еске алады. Дархан Базарбаев полиция қызметіне 2016 жылы әскерден келе сала кіріскен болатын. Бастапқыда кезекші, кейін патрульдік полицияда қызмет атқарды. Бұл жұмыс маған ұнайды. Марқұм адамдарға көмектесуге және әріптестеріне қол ұшын созуға әрқашан дайын болатын. Ол адал дос болатын. Бірге жұмыс жасай бастап едік. Арамыздан ерте кетіп қалғаны әрине өкінішті… – дейді полиция аға сержанты Данияр Байманамбетов.

 

2019 жылдың наурызында Дархан Мөлдір есімді арумен отбасын құрды. Марқұмның артында  4 айлық баласы қалды.  Ол әке атанғанында қатты қуанған еді. Өте ашық, қарапайым ауыл жігіті болатын. Спортпен шұғылдана отырып, әрқашан мансаптық биіктерге жетуге тырысатын. Дархан «тек алға жүр, артқа қарауға болмайды » жиі айтатын еді,  –  деп еске алады полиция аға сержанты Ербол Данкенов. 2019 жылы ақпанда ол тас жолда бұзылып қалған Камаз жүргізушісіне көмектескен еді. Жолда қалған камаз жүргізушісіне көмек шақырып, қол ұшын берген болатын.

Осы жолы да еш ойланбастан, адамдарды қорғау үшін өмірін құрбан етті. Дархан Базарбаев туралы жергілікті полиция қызметінің бастығы подполковник Серік Рақышев марқұмның болашағы зор қызметкер болатын деп еске алды. Қайғылы оқиға 19 қаңтарда Тобыл қаласында орын алды. Отбасылық жанжалға шақыру түскеннен соң патрульдік полиция бригадасы оқиға орнына барған еді. аскүнемді ұстау кезінде полиция қызметкері жүрек аймағынан пышақ жарақатын алып, қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру