Қызметтік ит ақмолалықтың пәтерінен есірткі тапты
Қызметтік ит ақмолалықтың пәтерінен есірткі тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері бұрын бірнеше рет сотталған облыс орталығының 47 жастағы тұрғынын ұстады. Бұған дейін жедел уәкілдер 3,58 гр марихуананы заңсыз сату фактісін құжаттаған болатын.
Ұсталған адамды жеке тінту кезінде пышақ, ұялы телефон және 47 мың теңге сомасындағы ақша қаражаты табылып, тәркіленді.
Күдіктінің пәтерін тінту барысында Граф лақап атты қызметтік-іздестіру иті балкондағы шкафты «белгіледі», онда полиция қызметкерлері ерекше иісті, өсімдік тектес сұр-жасыл түсті затты 15 полиэтилен түйіншегін тауып алып, тәркіледі. Сараптама тағайындалды.
ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі «Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау және өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ер адам Көкшетау қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.