Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына қолдау көрсетіледі

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Қарағанды облысының ТЖД басшысы Ибрагим Күлшімбаев пен ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің басшысы Евгений Лохнов қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Дмитрий Гревцовтың отбасына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2005 жылғы 17 маусымда №15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Дмитрий Гревцов Қарағанды қ. Тернопольская көшесінде болған өртті сөндіру кезінде өрт-техникалық қару-жарақты жинап жүргенде электр тоғымен өлімге әкеп соққан жарақат алды. Ол 25 жаста болды.

Барлық қарағандылық өрт сөндіруші-құтқарушылардың атынан Гревцовтың әйелі мен қызына сыйлықтар берілді.

Қаза тапқан адамның отбасы құтқарушыларға естелік, қамқорлық пен назар салғаны үшін алғыс айтты.

Қарағанды облысында азаматтық қорғау органдарының қызмет еткен уақытында өртке қарсы қызметтің 11 қызметкері қызметтік борышын атқара отырып, өз өмірлерін қиды. Біздің қаза тапқан жолдастарымыз – әр түрлі жастағы, әр түрлі ұлт өкілдері, әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды, бірақ олардың барлығын бір-бірімен біріктіретіні – олар біздің өртте адал жолдастарымыз және өмірде достарымыз болды, олар өздерінің қызметтік
борышын абыроймен атқарды.

Қарағанды облысының ТЖД қаза болған қызметкерлердің отбасыларына ерекше көңіл бөледі. Қызметтік борышын атқара отырып, қаза тапқан адамдардың отбасыларымен кездесу игі дәстүрге айналды. Жыл бойы мейрамдар мен жеке күндерге ТЖД қызметкерлері сыйлықтар дайындап, қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетеді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру