Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысының полиция департаментінде марапаттау салтанаты өтті

Маңғыстау облысының облыс департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев ерекше көзге түскен қызметкерлерге медаль, грамоталар мен арнайы атақтарды, сонымен қатар пәтер кілтін тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ бұйрығымен марапатталған қызметкерлерді атап айтқанда, Қарақия аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторы басшысының міндетін атқарушы Есбол Шодыров “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге үлесі үшін” медалімен; ІІ дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісімен Маңғыстау облысы КД ақпараттандыру және байланыс басқармасы басшысының орынбасары Назира Мектепова және Маңғыстау облысы КД айдауыл қызметі ротасының командирі Нұрәділ Даулетов; ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасымен Маңғыстау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Біржан Жұмабаев; ҚР ІІМ грамотасымен Жаңаөзен қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің инспекторы  Айболат Шайжанов; ҚР ІІМ-нің Алғыс хатымен Мұнайлы аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Жалғас Юнусов пен Ақтау қаласы Полиция басқармасы арнайы қабылдау инспекторы Асқар Қонысов; Маңғыстау облысы КД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының аға инспекторы Түгел Ахметовке алғыс жарияланды. 

Облыс департаментінің басшысы Ж. Бақтыбаев пәтер кілтін полиция аға лейтенанты Магомедшафи Садықовқа, ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ППР қызметінің инспекторы, төрт баланың әкесіне табыс етті. Оның жұбайы ҚР ІІМ мен Полиция департаментінің басшылығына өз алғысын білдірді.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бұйрығымен бірқатар қызметкерлер арнайы атаққа ие болды.

Полиция басшысы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне кәсіби табыс, жаңа жетістіктер мен отбасылық бақ-береке тіледі.

Ең алдымен, бұл қызмет борышы мен парызына байланысты бейбітшілік күзетінде, еліміз бен азаматтарымыздың қауіпсіздігін сақтау жолында жүргендердің мерекесі. Отан қорғаушылардың ажырамас бөлігі Ішкі істер органдары мен ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің қызметкерлері болып қала береді.

Бұл күні батылдық пен қаһармандыққа және қауіпті аймақтардан өтуге тура келген және күн сайын өз өмірлерін қатерге тігіп, заңға бағынбай, азаматтардың қалыпты өмірі мен тыныштығын бұзатындарды ұстайтын ер азаматтарымызға құрмет көрсетеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру