Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атқандар ұсталды
Қызылорда облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атқандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың қыркүйек айының 27-і күні «Охотзоопром» мекемесінің және Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері бірлескен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қаскүнемдер құрықталды.
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағында күдік келтірген «Урал» мотоциклі тоқтатылды. Жедел-тергеу тобымен мотоцикл ішінен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрық, аңшы мылтығы және пышақ алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігімен (Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.