Тонау фактісіне күдікті ретінде 32 жастағы ер адам ұсталды
Ақтөбе облысында тоғыз айда деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардың қатысуымен 30-дан астам қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сондай-ақ олар 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық жасады.
Биылғы жылдың басынан бері облыс полицейлері деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар жасаған 30-дан астам қылмысты ашты. Олардың ішінде ұрлық, қаруды заңсыз сақтау, жеке мүлікті ұрлау, тонау және кісі өлтіру сияқты қылмыстар тіркелді. Деструктивті діни ағымды жақтаушылары қатарынан 403 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды, – дейді ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.
Мысалы, биылғы жылдың қыркүйек айының соңында Ақтөбе қаласындағы Теміржол колледжінің ауданында белгісіз адам 42 жастағы ер адамның смартфонын, әмияны мен банк картасын ұрлап кеткен. Жедел іс-шаралар өткізу барысында күдікті ретінде деструктивті діни ағымды жақтаушы Мәртөк ауданының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.