Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІО ардагерін әріптестері мерекемен құттықтады

Төлебилік полицейлер ішкі істер органында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан полицейді Қарттар күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органында қызмет етіп, құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққан Бақтыбай Бейсембаев келе жатқан Қарттар күні мерекесі қарсаңында ел үшін атқарған еңбегі еленіп, қуанышқа кенеліп отыр. Нақтырақ айтсақ ел ағасына Төлеби аудандық мәслихатының 4-қыркүйектегі шешімімен «Төлеби ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Осыған орай Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ардагер полицейдің үйіне арнайы барып, қос қуанышымен бөлісіп, құттықтау іс-шарасын өткізді.

Өмір жолы мен өнегесі кейінгілерге үлгі болған ардагер полицей Бақтыбай Бейсембаев талай белестерді бағындырып, абыройлы қызмет еткен. 1957 жылы Төлеби ауданында өмірге келіп, алғашқы еңбек жолын 1980 жылы Төлеби ауданы комсомол комитетінің бағыттамасымен Ішкі істер органдарына қызметке жолдама арқылы бастаған. Осы кездегі лауазымы Төлеби аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы болған. Ал 1980-2003 жылдар аралығында Төлеби АІІБ бастығының қызмет істері жөніндегі орынбасары болып тағайындалған. Одан бөлек Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасының түрлі құрылымдық салаларында қызмет атқарып, полиция полковнигі шенімен зейнеткерлікке шыққан. Одан кейінде өзі туып-өскен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып, жұмыс атқарған. Қазіргі таңда екі ұл, бір қызды өсіріп, олардан немере сүйіп тәрбиелеп отырған қара шаңырақтың иесі.

Өз кезегінде ардагер полицейлер тарапынан атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, өзін ұмытпай құттықтап келгендеріне алғысын айтты. Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының жұмыстарына табыс, қажымас қайрат тіледі. Қиындығы мен қауіптілігі басым ішкі істер органдары қызметінде ең бастысы шыдамдылық, батырлық пен қырағылық қажет екенін айта отырып, полицейлерге ақ батасын берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру