Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз ашылған букмекерлік ойынханалар анықталды

Қызылордада пәтерлерден заңсыз ашылған букмекерлік ойынханалар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бұйрығына сәйкес қыркүйек айының 7 мен 1 желтоқсан аралығында Республика аймағында “Учаске” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – халық арасында полиция қызметкерлерінің имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен тығыз қарым қатынас орнату, сонымен қатар әкімшілік аймақтарда құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде экстремизм мен терроризм деректеріне жол бермеу. Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторларымен бекітілген аймақтарын аралау барысында Шиелі кентінің орталығындағы Байтұрсынов көшесі 12 және 11 үйлердің бірінші қабатында орналасқан пәтерлерден заңсыз ашылған букмекерлік ойынханалар анықталды.

Бұған қоса Абылайхан көшесінен “Зенит” букмекерлік кеңсесінің ішінен заңсыз ойынхана анықталды. Аталған деректер бойынша әкімшілік құқық бұзу Кодексінің 444-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Құмар ойындарға қатысу, ойнау және рұқсат беру) әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, аудандық сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру