Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер онлайн режимде семинар өткізді

Қызылордалық полицейлер онлайн режимде семинар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мұғалімдерге, әлеуметтік педагогтарға, ювеналды полицейлер мен БАҚ өкілдеріне “Есірткі заттары және оларды қолдану белгілері” тақырыбында онлайн семинар ұйымдастырды.

Нашақорлықтың алдын алудағы білім беру мекемелерінің тәрбие қызметінің айқын маңыздылығын ескере отырып, семинардың мақсаты – алдын алу жұмыстарын жасөспірімдер арасында ғана жүргізу емес, сонымен қатар балалармен жұмыс істейтін білім беру жүйесінің қызметкерлері, полиция қызметкерлері арасында да ұйымдастыру болды.

Оқу орнында дұрыс ұйымдастырылған тәрбие жұмысы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың есірткіден саналы түрде бас тартуы үшін қажетті білім, көзқарастар мен дағдыларды қалыптастыратын мұғалімдер болса, сондай-ақ есірткіні қолданудан туындауы мүмкін жасөспірімнің мінез-құлқындағы өзгерістерін де бірінші болып ұстаздар байқайды.

Семинар балалар мен жасөспірімдердегі есірткіге тәуелділікті уақтылы анықтауға, сондай-ақ жасөспірімдердің есірткі заттарын тұтынуының алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Іс-шараға мыңнан астам тыңдаушы қатысты. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру