Қызылода облысында ІІО-на 391 адам жеткізілді
Қызылода облысында ІІО-на 391 адам жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысының Полиция департаменті халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті жедел шараларды қабылдауда. Елімізде орын алған соңғы оқиғаларға байланысты 5-19 қаңтар аралығында елімізде және біздің өңірде Төтенше жағдай режимі жарияланды. Төтенше жағдай кезінде негізгі шаралар мен шектеулер бекітілді. 23-00-ден 07-00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.
Ішкі істер органдарына 391 адам жеткізілді, олардың әрқайсының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Оның ішінде 70 адам қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, ал ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының талаптарын бұзғаны үшін 17 адам жауапқа тартылды.
Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, анықталғандардың 69-ы уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қала көлемінде бес блок-бекет, ал жеті ауданда 23 блок-бекет қойылды. Бұл бекеттерде тәулік бойы полиция қызметкерлерінің нарядтары, әскери қызметшілер кезекшілік етеді. Арнайы техникамен қамтамасыз етілген.
– Аймақта жедел ахуал тұрақты. Әкімшілік ғимараттар, наряд, блокпосттар қарулы күзетпен қамтамасыз етілді. Көшедегі жағдай бақылауда. Мемлекеттік, банк, басқа да ұйымдар жұмысы қалпына келді. Төтенше жағдайда түсінікпен, қолдаумен қараған азаматтарға алғысымды айтамын. Тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтап, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауларыңызды сұраймыз, – деді Қызылорда облысының коменданты Бектөре Сұлтан.