Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында блок-бекеттерде қызмет етіп жүрген полицейлерге ас берілді

5 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары арасында блок-бекеттер қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы тұста аталмыш блок-бекеттерде өз міндеттерін атқарып жүрген ордабасылық сақшыларға ардагер полицейлер ас берді.

Олар облыс аумағында алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында күшейтілген режимде қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген полицейлермен тілдесіп, өз алғыстарын жеткізді. Ардагер полицейлерге риза болған сақшылар әрқашан халық үшін қызмет етуге дайын екенін айтты.

Тәртіп сақшылары барша тұрғындарды қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру