Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының коменданты сауда үйлерінің өкілдерімен кездесу өткізді

Павлодар облысының коменданты Нұрлан Мәсімов Павлодар қаласының сауда үйлерінің өкілдерімен кездесу өткізді,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Өтешов та қатысты.Диалогтың негізгі тақырыбы – сауда үйлерінің, олардың қызметкерлері мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сауда үйлерінде шабуыл және тонау фактілерін болдырмау үшін комендант Нұрлан Мәсімов олардың басшыларына сауда үйлерінің қауіпсіздігін қайта қарауды, сондай-ақ дабыл түймелерін орнатуды және күзет ұйымдарымен ынтымақтастық орнатуды ұсынды. Бұдан бөлек, олардың ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеу қажеттігін атап өтті. Комендант төтенше жағдай кезінде сауда нүктелерінің бірыңғай жұмыс кестесі ұсынылатынын айтты.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері үздіксіз күшейтілген қызмет атқаратынын және облыс аумағын тәулік бойы күзететінін атап өтті.

Нұрлан Мәсімов кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, облыстағы жағдай бүгінгі күні тұрақты екенін, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицейлер пәтерлерді аралайтынын да атап өтті.

Кәсіпкерлер өз кезегінде ұсыныстар енгізіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицияға көмектесуге дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру