Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан, қарулы қылмыстық топты ұстады

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысып, оны өздерінің ұялы телефондарына түсірген үш жас жігітті Түркістан облысының полицейлері блок бекеттен өту кезінде ұстады,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Нақтырақ айтар болсақ, Қазығұрт АПБ қызметкерлері Алматы-Термез-Ташкент тас жолындағы Ақтас блок-бекетінде Toyota автокөлігінде болған Сарыағаш және Келес аудандарының үш тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде жедел уәкілдер көліктен тапанша тауып, тәркіледі. Аталған жайт СДТБТ-ға ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.

Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Жалпы Түркістан облысы аумағында тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 30 блок бекет орналастырылған. Онда тәртіп сақшыларымен бірге әскерилер де тәуліктеп қызмет етуде.

Облыс полицейлері төтенше жағдай кезінде бекітілген шектеулерді ұстанып, аса қажеттілік болмаса жолға шықпауды еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру