Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД бастығы тұрғындармен кездесті

Қызылорда облысы ПД бастығы дөңгелек үстел өткізіп, қала тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz

11 тамыз күні облыстық Полиция департаменті басшысының қатысуымен дөңгелек үстел диалог түрінде өтті.

Онда Қызылорда қаласының әкімі, қала прокуроры, қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік Кірістер департаментінің өкілдері, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері, Кәсіпкерлік басқармасының өкілдері, жеке кәсіпкерлер, ПИК төрағасы, БАҚ және қоғам белсінділері қатысты.


Дөңгелек үстелден кейін Өсербаев, Қорқыт Ата, Әйтеке би көшелерінің тұрғындарымен кездесу өтті.

Күн тәртібінде Өсербаев көшесіндегі құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі тұрды. Өз кезегінде тұрғындар жалға берілетін пәтерлердің, тәулікке, сағатына тапсырылатын пәтерлердің, жалға алушылардың санитарлық талаптарды сақтамауы, түнгі уақытта қоғамдық тыныштық ережелерін бұзуы жайлы өзекті мәселелерді көтерді.

ПД бастығы Өсербаев көшесіндегі өзекті мәселелер туралы, учаскелік инспекторлардың жергілікті жерлердегі жұмысы туралы біліп, қауіпсіздікті жақсарту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстарды тыңдады.

Ашықтық, тұрғындардың проблемаларына жедел ден қою – барлық мемлекеттік органдар, бірінші кезекте-полиция қызметінің басты басымдығы болып саналады. Қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қоғамды тарту деңгейін арттырудың шұғыл қажеттілігі маңызды, себебі аймақтағы қылмыс мәселесін тек полиция шеше алмайды.

Қала әкімі кездесу қорытындысы бойынша осы аудандағы бейнебақылау камераларының санын арттыру, көшелерді жарықтандыру, Өсербаев көшесіне модульдік полиция бекетін орнату мәселесін шешуге уәде берді. Қала прокуроры заңдылықтың сақталуын бақылауға алды, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері аудандағы санитарлық нормалардың сақталуын бақылайтын болады. Осыған ұқсас жұмысты Мемлекеттік кірістер департаменті атқаратын болады.

Кездесуге қатысқан қоғам белсенділері әкімшілік учаскеде қауіпсіздік пен құқықтық бұзушылықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру